Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл — ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Аталмыш мереке қарсаңында 26 желтоқсан күні мектеп басшысы Абзал Амантайұлы балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мектеп ауласында 635 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті. Ашық аспан астында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен және барлық санитарлық-гигиеналық талаптар, әлеуметтік арақашықтық сақтала отырып өткізілген іс-шара ата-аналар мен балақайларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”,-демекші, пандемия жағдайына қарамастан,балаларға жасалып жатқан қамқорлық баршамыздың көңілімізге қуаныш ұялатқаны анық. Баршаңызға келе жатқан ЖАҢА 2021 ЖЫЛ құтты болсын!