Жаңа жыл – әр бала үшін сиқырға толы, ерекше мереке.
Жаңа жыл – әр бала үшін сиқырға толы, ерекше мереке. Әсіресе, жеңілдіктер ие арнайы санаттағы отбасылардың балалары үшін бұл күннің қуанышы ерекше. Осы мерекені шын жүректен сезіндіру мақсатында, мектебімізде «Жаңа жыл ғажайыптары» атты жаңа жылдық шырша өткізілді. Шара барысында 500 балаға сыйлық табысталып, олардың жүздеріне қуаныш пен шаттық ұялаттық деп ойлаймын.
Мерекелік шараға мектеп-гимназия директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы, қамқоршылық кеңес төрағасы Сарсенов Есенгелді Шәріпұлы және қамқоршылық кеңес мүшесі Смағұлова Марал Қанатқызы қатысып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл сәт балалардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып сақталатынына сенімдіміз.
Біздің ұжымның бұл игі бастамасы қоғамда ешбір баланың назардан тыс қалмайтынын, олардың әрқайсысы үшін бірге жұмыс істейтінімізді көрсетті. Мұндай шаралар тек балалардың емес, барлық ата-аналардың да көңіліне жылулық сыйлайды. Жаңа жыл ғажайыптары әрдайым осылай жалғасын таба берсін!