Жеңіске бірге

Д. Қонаев атындағы мектеп — гимназиясында “Жеңіске бірге” атты ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл үлкен маңызға ие спорттық жарыс, өйткені олар балалардың физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Командалық ойындар балаларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, бірлесе әрекет етуді және достық қарым-қатынас орнатуды үйретеді.

Қоғамдастықтың қолдауы арқылы балалар өздерін маңызды әрі бағалы сезінеді. Спорт стрессті азайтып, көңіл-күйді жақсартады. Оқушылар үшін спорттық іс-шаралар тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар олардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамда толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін маңызды құрал болып табылады.

Жарыста балалар өте жақсы белсенділік танытып, бір — біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жарысқа демеушілік көрсеткен мектеп — гимназиясының Қамқоршылық кеңес мүшесі Смагулова Марал Канатовнаға алғысымызды білдіреміз.