«Жүректе іңкәр сағыныш» ақынмен кездесу кеші
Алматыға сүйрегенмен арманым,
Құрақ ұшып бармадым.
Аяқ асты өзгерді де талғамым
Ақтөбені таңдадым.
Шалғай ауыл болатұғын үйіміз, жоқшылықты көп көрдім,
Болмағасын белгілі ғой күйіміз… деп жырлаған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер Талғат Тлеулесовтың 50 жас мерейтойына орай, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің № 13 филиалының ұйымдастыруымен «Жүректе іңкәр сағыныш» атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында ақын өз өмірі мен шығармашылығын поэзия жанрында таныстырды. Мектебіміздің жыр сүйер оқырмандары ақынның «Қазақ болып туғаныма мақтанам», «Туған ел», «Жаңа жыл», «Мектебім», «Арал», «Алтын ұя ауылым» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Кешке қатысқан оқушыларға «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Раймбаева К.С. атынан «ақын мерейтойында өз ойларын көркем тілмен өрнектеп белсене қатысқаны үшін» Мадақтама табысталды. Кеш соңында оқушылар ақынмен естелік суретке түсті.
Кітапхана бөлімі