«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының мектепішілік кезеңі
«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының мектепішілік кезеңі
2021 жылы 29 қыркүйек күні 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының мектепішілік кезеңі өтетінін хабарлаймыз!
Өткізілу ережесі қосымша жалғанады.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының мектепішілік өткізілу ережесі
- Осы Ереже 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің қамтамасыз етілуін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздар мен жүлдегерлерін анықтайды.
- Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) болып табылады.
- Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
- Конкурстың негізгі міндеттері:
— зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
— оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
— қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
- Конкурс қатысушылары
- Конкурсқа жас зерттеушілер — 1-7 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
III. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Конкурсты дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін мектепішілік ұйымдастыру комитеті құрылады.
- Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қорытынды кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, Конкурстың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы- командалардың тізімін бекітеді.
- Конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
- Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
- Конкурс үш кезеңде өткізіледі: мектепішілік кезеңнен жүлделі орын алған жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алады.
- Қорытынды кезеңде — зерттеу жұмысы қорғалады. Қорғауға авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 10 минут уақыт беріледі.
- Конкурстың қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңінде бірінші орын иеленген жеңімпаздардан құрылған құрама командалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір секцияға 1 ғылыми-зерттеу жобасын (кіші жастағы топ — 1-4 сыныптар, ересек жастағы топ — 5-7 сыныптар) және әр топтан бір жетекші ұсынады.
- Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Аппеляция қарастырылмайды.
- Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды қорғау слайд түінде өткізіледі. Қатысушы жұмысының электронды нұсқасын өзінде ұстауы тиіс. Екінші күні Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау және қорытындылау.
- Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптар:
- Конкурсқа 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
1 секция — қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция — орыс тілі мен әдебиеті;
3 секция — математика, информатика;
4 секция — физика, техника;
5 секция — медицина, психология;
6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7 секция — химия, биология;
8 секция — экология, валеология.
- Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.
- Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың қосқан үлесі, құндылығы мен кемшілігі көрсетілген жетекшісінің және маманның пікірі болуы керек.
- Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптары:
1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс – 2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек:
— титул парағы;
— мазмұны;
— түйіндеме (аннотация) – жұмыстың негізгі мазмұнын қазақ және орыс тілдерінде қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты);
— кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді;
— негізгі бөлім: материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау;
— әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады
— қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар);
— қолданылған әдебиеттер тізімі.
2) титул парағында мыналар көрсетіледі:
— жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;
— жұмыстың тақырыбы; — бағыты;
— орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы);
— жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
— жұмыс орындалған жыл.
- Конкурстың қорытынды кезеңде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және шығармашылық жобаларын қорғау үшін көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет.
- Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау
- Конкурс жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:
— жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі;
— шығармашылығы;
— сұрақтарға жауаптардың толықтығы;
— тақырыптың зерттеу тереңділігі.
- Конкурсты қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталады:
1) 1-4 сынып оқушылары;
2) 5-7 сынып оқушылары.
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
- Әрбір секция бойынша жүлделі І орын иеленген оқушылар қалалық кезеңге қатысуға жолдама алады.