«Көктем – Ару, көктем – Ана!» (мерекелік іс-шара)
2018 жылдың 5 наурыз күні № 60 жалпы білім беретін орта мектепке 2017-2018 оқу жылында қабылданған 60 мұғалім «Нұр Ақтөбе» мөлтек ауданының аяулы әйелдер қауымына «Көктем – Ару, көктем – Ана!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара мақсаты: «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданы тұрғындарына қазақ тарихындағы қыз баланың, әйел-ананың әлеуметтік рөлі, қоғамдық мәні, патриоттық биік рухын кейінгі жастарға үлгі ету, ана мейірімін, қамқорлығын сезініп, нәзік жандылардың ер-азаматтарды сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
№ 60 ЖББОМ 2017-2018 оқу жылында қабылданған 60 мұғалімге, ұйымдастырған керемет концерттері үшін АЛҒЫС АЙТАМЫЗ !