Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, тарих пәнінің мұғалімі Қарабасова Асел Ертаевнаның оқушылары «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде Кәрім Аяулым «Қазақстан тарихы» пәнінен жүлделі 3 орынды иеленсе, құқықтану сексиясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Сағиданова Факизат марапатталды. Факизат жоба барысында отбасындағы ата-ана ман ата-әже тәрбиесінің тәлімі туралы жан-жақты қорғап шықты.
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” ББ Экономика ғылымдары магистрі Жұбаназаров Сұлтан Аманжолұлының оқушылары Жақсылық Мадияр 8В класы және Сағымбай Айдос 10 Ә класы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен “Ғылым айы” атты ғылыми жоба сайысында алғыс хатпен марапатталды, сәуір 2023 жыл.
Ғылыми- тәжірибелік конференция туралы
2024 жылдың 14 мамыр күні Ақтөбе қаласының Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы базасында мектеп әкімшілігі және магистрлердің бастауымен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ» қолдауымен «Мектептегі жобалық және зерттеу жұмыстары: ғылымға қадам басу» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – оқушылардың пәндік білім салаларындағы жобалау және зерттеу жұмыстарын жандандыру, интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыру мен дамытуға қоғамның назарын аударту. Конференцияға облысымыздың білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, магистрлер, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары мақалаларын жолдады.
Отырыстар қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар қорытынды мен ұсыныстарын жасады. Конференция қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.
Ғылым айы аясында облыс мектептерінің 7-11 сынып білім алушылары арасында «Жасанды интеллект инновациялық экономиканың тиімді бағыты ретінде» тақырыбындағы жобалар байқауына қатысып, үздік жобаны ұсынғаны үшін 11 «А» класс оқушысы Қабаш Нұрислам Айбекұлы жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: информатика пәні мұғалімі, экономика ғылымдары магистрі С.А. Жұбаназаров