Мектеп базасында қалалық семинар өтті

2018 жылдың 05 желтоқсан күні «№ 60 ЖББОМ» КММ қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Қамқоршылық кеңесті өткізудегі басты мақсат – қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімішілігі арасында бірлескен жұмыс жүргізе отырып, мектептің даму жағдайын қадағалау және мектептің оңтайлы дамуына қажетті шешімдерді қабылдау болатын. Отырыстың І бөлімі бойынша мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі түйіткілді мәселелер қаралып, талқыланды. Атап айтсақ, қамқоршылық кеңес отырысы алдында мектеп әкімшілігінің есебі тыңдалды. Олар:
«№ 60 ЖББОМ» КММ қамқоршылық кеңес құрамын жаңарту мәселесі;

«Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуы туралы»;
Екпе алмайтын оқушылардың ата-аналарымен жұмыс туралы;
«Мектепте білім беру ісінің сапасы туралы» есеп;
«2018-2019 оқу жылындағы қосымша ақылы білім беру қызметінің барысы туралы» есеп (қосымша ақылы білім беру қызмет көрсету аясында қаражаттың түсуі және жұмсалуы бойынша есеп тыңдалды);
Мектептің есеп-шотына түскен демеушілік көмекті мақсатты жұмсау бойынша шешім қабылдау.