«Менің әлемім» ерекше білімді қажет ететін оқушылармен бейімділік сабақ

2023 жылдың 14 қараша күні “Менің әлемім” тақырыбында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс мақсатында бейімділік сабағы өтті.

Мақсаты:

-Мазасыздану деңгейін азайту, позитивті көңіл-күйді қалыптастыру.

-Шығармашылық әрекетке бірге қатысып балаларды бір-бірін оң қабылдауға үйрету, қарым-қатынасын жақсарту.

«Эбру» әдісімен таныстырып,онымен қалай жұмыс жасау керектігін көрсету.

-Дәстүрлі емес сурет техникасының көмегі мен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік беру.

-Түрі,түсі,ырғағы,композициясы,шығармашылық қызметі сурет салуды қалайтын эстетикалық сезімдерін дамыту.

Міндеттері:

-Психоэмоционалдық үдеуін болдырмау.

-Балалардың ішкі сезімі мен көңіл — күйін  жақсарту.

-Танымдық үрдісін, ой-қиялдарын, эмоциясы мен сезімдерін, өз-өзіне сенімділігін дамыту.

-Өзара іс-тәжірибелік қарым-қатынастарын, дағдылары мен біліктілігін арттыру.

-Балаларды достыққа, әсемділікке, шығармашылығын дағдыландыра отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

«Эбру» суда сурет салу техникасы.

 Балалар суда сурет салу процесін нағыз ғажайып ретінде көреді. Балалардың көңіл-күйлері көтерінкі, олар таза мөлдір суда туындайтын ізді қағазға қалдырады.

Эбру әдісі балалардың қиялына ғана көмектеспейді, ол таңғажайып салмақтылықты, сабырлылыққа әсер етеді.