Наурыз мерекесімен құттықтау!

ҚҰРМЕТТІ Нұр Ақтөбе мөлтек ауданының тұрғындары, ұлағатты ұстаздар, қадірменді әріптестер, ардақты ата-аналар мен зейінді оқушылар !  Халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы  мен табиғат  қайта жаңғырып, түлейтін —  Наурыз мерекесімен  шын жүрегімнен құттықтаймын!  Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан—дүниемізді шуаққа бөлейді, ой—ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл — кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. «Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады» деген де наным бар. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт—береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!
Ақ пейілмен, мектеп директоры Абзал Амантайұлы!