“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП- ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ” жобасы
Кітап — адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Құрметті кітап сүйер қауым! “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП- ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ” жобасын жүзеге асыру мақсатында мен, # 60 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекмуратов Нурсултан Маликович, сіздерді мектеп кітапханасындағы құнды кітаптарымызды бірге оқуға шақырамын. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, саналы ұрпаққа берер тәрбиелік мәні бар кітаптармен кітапханамыз толығу үстінде. Біздің кітапхана есігі оқырман қауымы үшін әрдайым есігін айқара ашады.