Педагогикалық кеңес

12 қаңтар күні мектебімізде болып өткен педагогикалық кеңес жуырда ғана ауданымыздан бой көтерген №78 мектеп-гимназиясына ауысқан әріптестерімізді Алғыс хаттармен марапаттап, жаңа жұмыс орнына сәттілік тілеп, салтанатты түрде шығарып салумен басталды.  Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде педагогтардың біліктілік санаттарын аттестаттау қорытындысы,  1-4 және 5-11 сынып мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылындағы ІІ жартыжылдық жүктемелерін таныстыру, 2020-2021 оқу жылындағы сынып жетекшілерінің І жарты жылдық тәрбие жұмысының сапа көрсеткіші бойынша мониторингісі туралы,
2020-2021 оқу жылының   І жарты жылдығы бойынша пән мұғалімдерінің  мониторинг көрсеткіші және тәлімгерлер мен жас мамандардың І жартыжылдық бойынша жүргізген жұмыстарының есебі туралы мәселелер қарастырылды. Қарастырылған мәселелерде ұжым мүшелері қажетті ақпараттармен танысып,ойларын ортаға салды. Ұсынылған барлық мәселелер қарастырылып, ұжым мүшелерімен бірге талқыланды, пікірлер мен ұсыныстар айтылып,  бірауыздан қаулы қабылданды.