Педагог-психологтарға арналған педагогикалық олимпиада жеңімпазы-Салтанат

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеті» КММ-нің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог — психологтарына арналған педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтіп, мектебіміздің психологі Жадырасынова Салтанат Манарбековна 1 орынды иемденіп, облыстық кезеңге жолдама алып «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы базасында  өткен  облыстық педагогикалық олимпиададан  жүлделі 3 орын алып, дипломмен марапатталды.

Олимпиаданың мақсаты: мектеп психологтерінің кісіптік біліктілігін анықтау және оларды ынталандыру, іскерлік шеберліктерін арттыру;
Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді:

  1. кезең «Психолог сандықшасы» шығармашылық конкурсында іс — тәжіребесімен бөлісіп, креативті шығармашылық жұмыс үлгісін көрсету;
  2. кезеңде сала бойынша тест тапсырмаларын орындау.