Поэзия тербетеді жүрегімді
Поэзия тербетеді жүрегімде!
Жергілікті ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, С.Жиенбаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Қалдина Нәренқызымен бірге өткен «Поэзия тербетеді жүрегімде!» сыр – сұхбат кеші өтті. Кеш барысында оқушылар ақын шығармаларынан өлең оқып,ән шырқалып, қызықты сұрақтар қойылды.
Г.Қалдина оқушылармен әңгімелесу барысында білім мен мәдениеттің биік белестерге жетелейтін рухани құрал – Кітап екендігін жас жеткіншектерге түсіндіріліп, қызықты оқиғалармен бөлісті.
Ақын өлеңдері арқылы халқына,тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Мектеп әкімшілігі естелік сыйлықтар табыс етіп, кеш қонағы болғаны үшін алғысын білдірді.







