«Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» мерекелік кеш.
2018 жылдың 7 наурыз күні №60 жалпы білім беретін орта мектептің ер азаматтары «Сұлу қыз, Ару әйел, Асы ана» мерекелік кеш ұйымдастырып өткізді. МЕРЕКЕЛІК КЕШ мақсаты: Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Жігіттердің оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.