ТӘРТІПБҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту аясында басталып, оқушылар көзден таса болғанымен, олардың тәртібін бақылау, тәртіпбұзушылықтың алдын алу жұмыстары мектеп басшылығының назарынан тыс қалған емес. 2020 жылдың 12 қыркүйегінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, кешкі мезгілде жүрудің алдын алу мақсатында №60 жалпы білім беретін орта мектептің “ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ” тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында түнгі рейд жұмысын жүргізді. Жұмыс тобы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында балалар мен жасөспірімдердің жиналуы мүмкін деген болжалды орындарды, атап айтсақ, компьютер клубын, үй-жайлардың арасын, дүкендерді аралай отырып, кешкі мезгілде жүрген оқушыларға ескерту жасалып, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.