ШЫН ЖҮРЕКТЕН, МЫҢ АЛҒЫС!

Біз үшін түн ұйқысын тәрк етіп, құба талды бесігін тербеткен — АНАМЫЗҒА мың алғыс! Жығылғанда сүйенер тіреуіміз әрі сын сағатта қасымыздан табылатын қолдаушымыз — ӘКЕМІЗГЕ мың алғыc! Өмірдің өткелдерінде қиындыққа тап келгенде серігіміз бола білген — ШЫНАЙЫ ДОСҚА мың алғыс! Арманның ең асқағына жетелеген, өз баласындай мәпелеген — ҰСТАЗЫМЫЗҒА мың алғыс! Даладай дарқан пейілі үшін, жүздеріндегі жылулық, мейірімі үшін — ҚАЗАҒЫМ, саған мың алғыс! Халқымыздың қолдауы мен сеніміне ие болған, елді сындарлы саясатымен болашаққа айқын жол бастап келе жатқан — ЕЛБАСЫМЫЗҒА мың алғыс!