«Құқықбұзушылық – болашаққа кедергі» атты ұлдар жиналысы
Жиналысқа Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №4 ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Бақыт Ескелді мен Нұрбаев Мәди Аманқосұлы қатысып, ер балаларға құқықбұзушылықтың зиянды салдары, заңды бұзудың болашаққа тигізер кері әсері туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, қателіктерге жол бермеу, өз әрекетіне жауап бере білу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде мағлұмат берілді.
Нәтижесі:
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Жиналыс жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіпті сақтауға, саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.


Русский
Қазақша