“ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ” АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ТҮНГІ РЕЙД

2025 жылдың 1-30 сәуір аралығында “Құқықтық мәдениет” құқықтық сауаттылық айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әр аптаның жұма күні мектеп инспекторы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  және мектептің ер мұғалімдерімен бірлескен түнгі рейдтер ұйымдастырылуда.

Аталған шараның негізгі мақсаты — оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ата-аналар мен қоғам назарын жасөспірімдер тәрбиесіне аудару.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – ортақ міндет. Барша ата-аналарды балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.