Құрметті арулар, асыл аналар, ардақты апалар, сүйікті қарындастар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ер азаматтар атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – мейірімнің, сұлулықтың, даналықтың және нәзіктіктің символысыздар. Отбасының берекесін кіргізіп, қоғамның тірегі болып, айналаңызға жылулық сыйлайсыздар. Сіздердің күлімдеп жүргендеріңіз – біздің ең үлкен қуанышымыз.
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен молшылық тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, ал әрбір бастамаңыз сәттілікке толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерекелік іс-шара
“Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы” КММ-нің ер азаматтарынан ерекше құттықтау!