Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық жеңімпаздары
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 “В” класс оқушысы Төлепберген Диана, жетекшісі Сырбаева Сагадат Маликовна, 10 “А” класс оқушысы жүлделі Сағиданова Арай, жетекшісі Кужахметова Айнур Самухановна облыстық кезеңде топ жарып І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Құттықтаймыз!
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: эссе жазу және ауызша тапсырма. Қатысушылар Қанипа Бітібаеваның өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуде өзара жарысты.

