«ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ВИКТОРИНА ӨТТІ
Мектебімізде «Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін интеграциялап оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға түрлі платформалар арқылы викторина өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін кеңейту, цифрлық сауаттылықтарын дамыту және командада бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.Сайыс барысында;
Оқушылар логикалық тапсырмаларға жауап берді, әртүрлі онлайн платформалар қолданылды, бұл олардың цифрлық құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін арттырды.Сайыс соңында оқушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, іс-шараны жетілдіру бойынша пікірлерін білдірді.Бұл іс-шара оқушылардың үш тілді меңгеруіне, цифрлық сауаттылықтарын арттыруға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға оң ықпал етті.