“Қазіргі заман әкесінің рөлі”

30 қараша күні «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы негізінде мектебімізде “Қазіргі заман әкесінің рөлі” тақырыбында әкелермен кездесу өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбек Аманғосов, Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Әкелер Қауымдастығының өкілі Жасұлан Қазгелдіұлы, мектеп-гимназиясының әкелер кеңесінің төрағасы Бауыржан Ержанов

әкелердің басын қосып, әкелермен бірге отбасындағы әкенің рөлін талқылады.

Әке – отбасының тірегі, балалар үшін мықты тұлға және өмірдің басты үлгісі.

Бүгінгі шарада әкелер:

Балалар тәрбиесіндегі белсенділіктің маңызын;

Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын;

Қоғамдағы әкенің орны мен міндеттерін талқылады.

Әрбір балаға сүйіспеншілік пен жауапкершілік қажет, ал әке – осы құндылықтардың қайнар көзі.