Қош келдің, Әз-Наурыз!
Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті!
Мұғалімдер мен оқушылар ән шырқап, би билеп, әсерлі қойылымдар қойды.
Асық ату, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, мереке көркін аша түсті.
Барша жиналған қауым наурыз көже мен тәтті-дәмдіні бөлісіп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.
Наурыз – бірлік пен берекенің, жаңару мен жақсылықтың мерекесі! Жаңа жыл баршаңызға құт-береке, мол жақсылық әкелсін!