Үздік мұғалім-2️025» конкурс-марафонының 2️-ші кезеңі – «Кітап оқу — зейін мен креативтілікті дамытудың құралы

“Үздік мұғалім-2️025» конкурс-марафонының 2️-ші кезеңі – «Кітап оқу — зейін мен креативтілікті дамытудың құралы» атты әдеби шығармаларды оқу байқауының соңғы күні өтті.Байқауға қатысқан 6️5 мұғалімнің 9️-ы өздерінің жұмыстарын комиссия алдында қорғап, шығармашылықтарын көрсете білді. Байқау талаптарына сәйкес, мұғалімдер 5 әдеби шығарманы терең талдап, олардың әрқайсысына өз талғамдары мен пікірлерін шығармашылықпен жеткізді. Қатысушылар өз талдауын бейнетаныстырылымдар арқылы ұсынды, бұл өз кезегінде олардың кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Байқау барысында мұғалімдер көпшілігі бейнемазмұндарын әсерлі етіп жеткізе алды.Алдағы уақытта байқау қорытындысы шығарылады, ал бүгінгі қорғау нәтижелері барынша жоғары бағаланды. Қатысушылардың барлығы да өздерінің білім мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.