«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2025» КОНКУРС-МАРАФОНЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІ

«Үздік мұғалім-2025» конкурс-марафонының 2-ші кезеңі — «Кітап оқу — зейін мен креативтілікті дамытудың құралы» атты әдеби шығармаларды оқу байқауы жалғасуда.Байқауға қатысқан 65 мұғалімнің 8-і өздерінің, жұмыстарын комиссия алдында табысты қорғап, шығармашылықтарын таныта алды. Байқау талаптарына сәйкес, мұғалімдер 5 әдеби шығарманы оқып, солардың бірін терең, талдап, өз пікірлерін ашық әрі шығармашылықпен жеткізе білді.

Қатысушылар өз талдауына бейнетаныстырылымдар дайындап, оны ұсынды.