«Ұлы дала мұрасы» облыстық дәстүрлі әндер мен күйлер байқауы жеңімпазы

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала мұрасы» 🎶🎵🎼облыстық дәстүрлі әндер мен күйлер байқауында өнерпаз 8 «Ә» класс оқушысы Маратқызы Айару жүлделі ІІІ орынға ие болды! ✨

Айарудың өнерге деген ықыласы, талабы және шығармашылық қабілеті жоғары деңгейде бағаланып, арнайы дипломмен марапатталды.👏👍

Жетекшісі музыка пәні мұғалімі  Жайманова Акерке Акбергеновна 💐

Оқушымызға тек қана биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟