«Өзін-өзі бағалау және сенімділікті қалпына келтіру»

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарды қолдау орталығының жоспары бойынша “Зере” аналар клубы 6 класс аналарымен «Өзін-өзі бағалау және сенімділікті қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шара 6»Б,К» класс қыздарының орындауындағы «Қазақ»биімен ашылды. «Танысу» тренингі жүргізілді.

6»Д» класс жетекшісі Мажитова Шынардың «Ата-ананың баласына қолдау көрсетуі мен сенімділігінің маңызы» тақырыбында оқыған баяндамасы сәтті шықты.6’П» класс оқушысы Аюп Нұрайдың «Мама» әні жүректерді тебіренте түсті.

Талқылау сұрақтары барысында әр топ аналары белсенділік танытты. Соңында 6»В» класс жетекшісі Қожахметова Айнур Самухановна ҚҚҚ» әдісімен кері байланыс алды.6»К» класс оқушысы Абай Дария»Отан» әнін әдемі орындап шықты.Дөңгелек үстелді жүргізуші Кулынтаева Калка Мухамбетжановна өз туындысымен тәмәмдады. Аналар дән ризашылықтарын білдірді.