«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысының №2 отырысының хаттамасы
ХАТТАМА КӨШІРМЕСІ
«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысының №2 отырысының хаттамасы
(2022-2023 оқу жылы)
«22» тамыз 2022 жыл
Қатысуға тиіс: қамқоршылық кеңес мүшесі-13
Қатысқандары: кеңес мүшесі-9
Қосымша қатысқандар: мектеп әкімшілігі мүшелері
Күн тәртібінде:
№ | Күн тәртібінде қаралатын мәселелер | Уақыт | Сөйлеуші |
1. | Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. | 5-10 минут | Қамқоршылық кеңестің төрағасы Әлиұлы Б |
2. | ҰБТ-2022:талдау, қорытынды | 5-10 минут | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Садыкова |
3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету туралы. | 5-10 минут | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Давлетова |
4. | Ұсыныстар бойынша әртүрлі мәселелерді қарау | 5 минут | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Әлиұлы қамқоршылық кеңестің алғысөзін алып, отырысқа қатысып отырғандарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, дауысқа салып бекітті. Қарсы және қалыс қалғандар болған жоқ.
1.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау, бекіту» баяндаманы қамқоршылық кеңестің төрағасы Әлиұлы Боранбай мырза баяндады.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.
№ | Отырысы | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.Жаңа оқу жылына оқушылардың мектеп формасын бекіту.ҰБТ-2022:талдау, қорытынды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету туралы.Әртүрлі мәселелер | Тамыз | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Қамқоршылық кеңестің құрамын жаңарту туралы ұсыныс.Жаңа оқу жылында жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар тізімін қарастыру, бекіту. 2022-2023 оқу жылында қосымша ақылы білім беру қызмет жұмыстарының жоспарымен таныстыру туралы.Әртүрлі мәселелер | Қыркүйек | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
3 | Жетім және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балалармен жұмыс туралы.Білім алушылардың бос уақытын тиімді ұымдастыру туралы.Мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігі туралы. | Қараша | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
4 | Мектеп бюджеті туралы.Мектепте ерекше білі беруді қажет ететін балаларды оқытудағы түзету-дамыту жұмыстарының жүргізілуі туралы.Мектепте білім беру ісінің сапасы туралы. | Желтоқсан | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
5 | 2022-2023 оқу жылындағы 11 класс түлектерінің ҰБТ-ға дайындығы туралы.Ғылыми негіздері боынша Республикалық пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы.Балалар мен жасөспірімдер арасындағы девианттық мінез-құлықпен құқық бұзушылықтың алдын-алу. | Ақпан | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
6 | Жазғы демалысты ұйымдастыру және жазғы демалыс кезінде оқушыларды пайдалы жұмыспен қамту. 2022-2023 оқу жылындағы қосымша ақылы білім беру қызметінің қаржылық есебі.«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының қоғамдық есебі.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп. | Мамыр | Қамқоршылық кеңес төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшелері |
2.Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «ҰБТ-2022:талдау, қорытынды» баяндаманы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Садыкова баяндады.
2022 жылдың мамыр-шілде айларында 11-класс түлектері Тестілеу орталығында ҰБТ-ден өтті. Мектеп бойынша барлығы 51 түлек оқу жылын аяқтады.
Кл/ балл | Түлек саны | ҰБТ ге қатысқаны | 100ден жоғары балл | Шектік балын алмаған | Орташа балл | Грант иегерлері |
2021-2022 | 51 | 43 | 7 (16%) | 6 (14%) | 73,1 (-3,9) | 22 (46%) |
2020-2021 | 72 | 68 | 7 (10%) | 5 (7%) | 77 (+16) | 29 (40%) |
2019-2020 | 58 | 48 | 5 (10%) | 9 (18%) | 61 | 24 (41%) |
Шығармашылық емтихан тапсыратын 4 тулекті есептемегенде, мектеп бойынша ҰБТ орташа балл – 73,1. Бұл өткен оқу жылының ҰБТ нәтижесімен салыстырғанда 3,9 баллға төмен.
100ден жоғары балл жинаған 7 түлек, шектік балына жетпеген 6 түлек болды.
100 және одан жоғары жинаған оқушылар
№ | Аты-жөні | кл | Қаз тар | оқу сауат | матем сау | 1-пән | 2-пән | барл | Алтын белгі | ||
1 | Кәрібай Қасым | 11а | 14 | 20 | 14 | 38 | англ | 34 | джт | 120 | АБ |
2 | Жолаушыбай Данияр | 11а | 15 | 18 | 13 | 36 | матем | 38 | физ | 120 | |
3 | Әуезханқызы Диана | 11ә | 11 | 20 | 13 | 39 | тіл | 33 | әдеб | 116 | АБ |
4 | Сабиржанова Дильназ | 11ә | 9 | 20 | 12 | 40 | биол | 32 | хим | 113 | АБ |
5. | Лепесова Сабрина | 11ә | 14 | 18 | 5 | 41 | тіл | 30 | әдеб | 108 | |
6. | Сағынбаев Алишер | 11ә | 9 | 20 | 14 | 39 | матем | 26 | физ | 108 | |
7 | Молдатурин Мейіржан | 11а | 14 | 18 | 13 | 34 | матем | 26 | физ | 105 | АБ |
Тапсыруға міндетті 3 пәнді (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық) жеке қарастырайық.
Қазақстан тарихы | Оқу сауаттыл | Матем сауаттыл | |||||
Тест тапс оқушы саны | 1-5 | 6-15 | 1-14 | 15-20 | 1-5 | 6-15 | |
Мект.бша | 43 | 4 | 39 | 6 | 37 | 11 | 32 |
Орт балл | 9,5 | 16,6 | 8,4 |
Қазақстан тарихы бойынша макс балл -15, Оқу сауаттылығы -20, математикалық сауаттылық -15. Оқушылар оқу сауаттылығынан жоғары нәтижелерге қол жеткізген.
Енді таңдау пәндері бойынша толығырақ тоқталсақ.
Мектеп бойынша ҰБТ -ге қатысқан 43 түлек таңдаған мамандықтарына сәйкес бейіндік пәндер комбинациясын тапсырды. 17түлек қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді (тарих,құқық, тіл, әдебиет, шет тілі) таңдаса, қалған 26-сы жаратылыстану –математикалық (физика, математика, биология, химия, география) бағыттағы пәндерге тоқталған.
Гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 11кластардың нәтижелері төмендегідей:
Бейіндік пәндер | дж тарихы макс 45 | құқық макс 45 | шет тілі макс 45 | Тіл макс 45 | Әдебиет макс 45 |
Тапсырған түлек саны | 8 | 4 | 3 | 4 | 4 |
Төмен балл | 9 | 11 | 13 | 12 | 15 |
Жоғары балл | 34 | 23 | 38 | 41 | 33 |
Орташа балл | 17,4 | 16,7 | 27,3 | 29 | 24,2 |
Кестеден көріп отырғандай Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің нәтижелері орташадан жоғары.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 11кластардың нәтижелері төмендегідей:
Бейіндік пәндер | матем макс 45 | физика макс 45 | биол макс 45 | химия макс 45 | геогр макс 45 |
Тапсырған түлек саны | 22 | 19 | 9 | 4 | 9 |
Төмен балл | 4 | 6 | 9 | 11 | 10 |
Жоғары балл | 36 | 38 | 40 | 32 | 32 |
Орташа балл | 18,4 | 16,4 | 18,2 | 18,5 | 23,7 |
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тек географияның нәтижелері орташа баллға жақын. Қалғандары төмен.
«Алтын белгі» , «Үздік» аттестат иегерлерінің ҰБТ нәтижелерін талдайық.
«АБ» иегерлері:
№ | Оқушының аты-жөні | класы | Қаз тарихы 15 | оқу сау-ғы 20 | матем сау-ғы 15 | таңдау пәні 45 | таңдау пәні 45 | барл 140 |
1 | Кәрібай Қасым | 11а | 14 | 20 | 14 | англ-38 | джтар-34 | 120 |
2 | Әуезханқызы Диана | 11ә | 11 | 20 | 13 | тіл-39 | әдеб-33 | 116 |
3 | Сабиржанова Дильназ | 11ә | 9 | 20 | 12 | био-40 | хим-32 | 113 |
4 | Молдатурин Мейіржан | 11а | 14 | 18 | 13 | матем34 | физ-26 | 105 68 |
5 | Сагинбай Айым | 11а | 15 | 18 | 8 | матем-20 | физ-9 |
«ҮЗДІКтер» :
№ | Оқушының аты-жөні | класы | Қаз тарихы 15 | оқу сау-ғы 20 | матем сау-ғы 15 | таңдау пәні 45 | таңдау пәні 45 | барл 140 |
1 | Аманбаев Есет | 11ә | 9 | 16 | 10 | матем-22 | физ-13 | 70 |
2 | Қуаныш Сәнім | 11а | қатысқан жоқ |
Мектепте АБ үміткер 5 түлек, үздік аттестат иегері 2 тулек болды. Оның 6-ы тестілеуге қатысты. Алтын белгі иегерлерінің 4еуі 100 баллдан жоғары нәтиже көрсете алды. Тек Сагинбай А. тест нәтижесі төмен, физика, математикадан білім сапасы түскен. Барлығы-5 Алтын белгі иегері, 2 «Үздік» аттестат иегері — білім гранттарына ие болып, ЖОО түсті.
№ | Түлектер | балл | ЖОО атауы | мамандығы |
1 | Кәрібай Қасым | 120 | Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті (Нұр-Сұлтан қ.) | Аударма ісі |
2 | Әуезханқызы Диана | 116 | Ұлттық педагогикалық университет (Алматы қ) | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |
3 | Сабиржанова Дильназ | 113 | Қ.Жубанов атындағы АӨМУ | Химия мұғалімдерін дайындау |
4 | Молдатурин Мейіржан | 105 | Қ.Жубанов атындағы АӨМУ | Физика мұғалімдерін дайындау |
5 | Сагинбай Айым | 68 | Қ.Жубанов атындағы АӨМУ | Тау ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
6 | Аманбаев Есет | 70 | Қ.Жубанов атындағы АӨМУ | Инженер |
7 | Қуаныш Сәнім | Ш.Есенов атындағы Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті,Ақтау қ. | Тарих-филология |
Мамыр-шілде айларына ҰБТ ге қатысқан түлектер мемлекеттік оқу гранттарының конкурсына құжаттарын тапсырған болатын. Нәтижесінде 21 түлек оқу гранттарына ие болды, 1 түлек мемлекет есебінен тегін Шекара қызметі Академиясына, 3 түлек шетелдік ЖОО түскен және Жергілікті бюджеттен, яғни облыс әкімдігінен бөлінген гранттың иегері — 1 (дене шынықтыру және спорт, АӨМУ)
Қорытынды: жалпы алғанда 2021-2022 оқу жылы аяғында тестілеу нәтижелерін өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,9 баллға төмен. Орташа балл -73,1. Пәндер бойынша салыстырғанда түлектердің оқу сауаттылығы, қазақ, орыс, шет тілдері, географиядан алған нәтижелері жоғары. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша нәтиже орташадан төмен. Бірақ оқу грантына ие болғандар саны былтырғыдан 6 пайызға жоғары. ҰБТ қатысқан 43 түлектің 23 тегін оқу гранттарына ие болды. «Алтын белгі», «Үздік» аттестат иегерлерінің барлығы да мемлекет есебінен тегін оқу гранттарымен ЖОО оқуға тусті. Олардың 3еуі педагогикалық мамандықтар таңдаған.
Ұсыныс:
1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дайындық қажет. Ол үшін педагогикалық кадр құрамының сапасын арттыру және оларды қайта даярлау курстарынан өтуіне жұмыстану.
2.Түлектермен мамандықтарды дұрыс таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
3.ҰБТ нәтижесін арттыру арқылы мектеп рейтингісін көтеру.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШЕШІМІ
Қаулы:
1. 2022-2023 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің берілу сапасын арттыру; педагог кадрларды қайта даярлау курстарынан өтуін назарға алу.
3. Мектеп бітіруші түлектердің кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Әлиұлы қол қойды
Хатшы Ж.Черниязова қол қойды
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович қол қойды
Сарсен Есенгелді Шарипович қол қойды
Нурмаганбетов Кенжебек Скакович қол қойды
Утепова Ельвера Хамитовна қол қойды
Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна қол қойды
Абдрахманова Жанна Әділханқызы қол қойды
Таубекова Гульмира Сағидоллақызы қол қойды
Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы қол қойды
Хаттама көшірмесін растаймын
Мектеп директоры А.А.Тажимишев
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген
(Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544 қаулысы)
санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету туралы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына 4-қосымша
«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі отырысының
2022 жылғы «22» тамыздағы №3 хаттамасы
Орналасқан жері: Қарғалы 12А
- Алқалы басқару органының құрамы:
- Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
- Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары
- Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі
- Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Утепбаев Эльвера Хамитовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Абдрахманова Жанна Әділханқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Таубекова Гулмира Сағидоллақызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Нурмаганбетова Кенжебек Скакович — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Шүйдебаев Айбек Құрманұлы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Смагулова Марал Канатовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жусупова Алия Дүйсенбаевна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:
№ | Өтініш берушінің Т.А.Ә | Білім алушының /тәрбиеленушінің ТА.Ә, сыныбы | Күні/өтініш нөмірі | Көмек түрі | |
Қаржылық | Материалдық | ||||
1 | |||||
2 |
өтініштерді қарау кезінде барлық қатысушыларға жария етілді.
- Алқалы басқару органы растайтын құжаттармен бірге өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:
№ | Өтініш берушінің Т.А.Ә | Білім алушының /тәрбиеленушінің ТА.Ә, сыныбы | Күні/өтініш нөмірі | Санаты | Қаржылай көмек, теңге | Материалдық көмек |
1 | ||||||
2 |
2) Көмек көрсетуден бас тартылған адам жоқ. 414 арыз қанағаттандырылсын. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген (Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544 қаулысы) санаттағы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілсін.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
Қолдайды 9 дауыс;
— Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
- Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары
- Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі
- Утепбаев Эльвера Хамитовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Абдрахманова Жанна Әділханқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Смагулова Марал Канатовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
- Жусупова Алия Дүйсенбаевна — қамқоршылық кеңес мүшесі
Қарсы 0 дауыс;
Алқалы басқару органының өкілдері:
Әлиұлы Боранбай – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Сарсен Есенгелди Шарипович – қамқоршылық кеңес төраға орынбасары
Аманғалиев Нұрлан Ерсайынович – қамқоршылық кеңес мүшесі
Қалмұратов Нұрбек Табынбайұлы — қамқоршылық кеңес мүшесі
Утепбаев Эльвера Хамитовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
Жанбусинова Гульнара Абдисаметовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
Жұмағұлова Бибігүл Түгелбайқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
Абдрахманова Жанна Әділханқызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
Таубекова Гулмира Сағидоллақызы — қамқоршылық кеңес мүшесі
Нурмаганбетова Кенжебек Скакович — қамқоршылық кеңес мүшесі
Шүйдебаев Айбек Құрманұлы — қамқоршылық кеңес мүшесі
Смагулова Марал Канатовна — қамқоршылық кеңес мүшесі
Жусупова Алия Дүйсенбаевна — қамқоршылық кеңес мүшесі
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға
_______________ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы





