🎙️ «Жас мамандар» мектебі аясында – “QAZTALK”подкасты!

Бүгін Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда жас мамандарға арналған *QAZTALK* подкасты өтті. Ерекше форматтағы бұл отырыста жас ұстаздар еркін пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.

🔹 Жиынның басында қатысушыларға әртүрлі суреттер ұсынылып, сол суретпен өздерінің көңіл күйі мен ұстаздық жолын байланыстырып сипаттады. Бұл – ой еркіндігін дамытып, өзара ашықтық орнатуға үлкен әсер етті.

💡 Отырыс аясында ұстаздықтың қадір-қасиеті, қазіргі білім берудегі өзгерістер, жас маманның тұлғалық дамуы сынды өзекті мәселелер қозғалды.

🔹 Подкаст соңында “Ашық микрофон” әдісі арқылы қатысушылар өз әсерлерін айтып, болашаққа деген ой-тілектерін білдірді.  

💬 QAZTALK – бұл жай ғана кездесу емес, жас педагогтерге шабыт пен серпін сыйлаған еркін ой алаңы болды!