1 «Б» класы Пәні: Ағылшын тілі Тақырыбы: «Where is it?»
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігі артады. Шет тілін үйрену арқылы біз болашақта көкірегі ояу, көзі ашық, әлемдік мәдениетке көзқарасы қалыптасқан азамат тәрбиелейміз деген ойдамын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының ВИДЕОСАБАҚТАРЫ МЕН ВИДЕОЛЕКЦИЯЛАРЫН Интернетте орналастыру керек» — деген тапсырмасын жүзеге асыру аясында мұғалімдер үшін әзірленген әдістемелік бейне сабақ.
1 «Б» класы Каймакбаева Гулзауре Бектилеуовна
Пәні: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Where is it?»
Мақсаты: белгілі бір заттың қай жерде екенін, қайда орналасқанын «Where is it?» арқылы сұрап білуге және оған жауап беруге үйрету. In, on, under предлогтарының қолданылуын түсіндіру, оқушылардың сөздік қорларын арттыру. Әдіс-тәсілдер: «Кезбе тілші», «Ойлан, жұптас, пікірлес (жазылым)», «Сұрақ-жауап», «Бас бармақ» .