2018 жылдың 5 маусымнан бастап, «Нұр Ақтөбе» мөлтек ауданындағы №60 жалпы білім беретін орта мектебінде 5 жастан 12 жас аралығындағы жас жеткіншектерге мектеп жанынан жазғы лингвистикалық-сауықтыру лагері — «Айналайын», спорттық лагерь — «Жеңіс», сонымен бірге, тілдік лагерь – “Happy summer” іске қосылып, балалардың жазғы демалыстарын тиімді өткізуі үшін түрлі мәдени-рухани азық берер іс-шаралар ұйымдастыруды негізге алады.
Мектеп жанында іске қосылған лингвистикалық-сауықтыру бағытындағы «Айналайын», тілдік «Happy summer», спорттық бағыттағы «Жеңіс» лагерьлері 3 мерзімді қамтиды:
1-мерзім: 04.06 – 16.06.2018
2-мерзім: 18.06 – 30.07.2018
3-мерзім: 02.07 – 16.07.2018
Лагерде демалушы жас өспірім балалардың өмір қауіпсіздігі мен алаңсыз демалысы үшін мектеп мұғалімдері және медбикелері жұмыс жасап, олардың қорғалуын бақылауға алады.
Демалысты ұйымдастыру құжаттары ҚР заңнамасы нормаларына сәйкес жасақталды. Бұған мектеп асханасында төрт мезгіл тамақтану: таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас және түстен кейінгі ас, сонымен бірге жалпылай сауықтыру шаралары кіреді.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьлер қарастырады: ағылшын тілін үйрену, орыс тілінде сауат ашу, шығармашылық үйірмелер, тақырыптық кештер, бассейнге бару, театр, кинотеатрларға саяхаттау, планетарий әлемі мен мұражайларды аралау.
Бірінші мерзімде жалпы – 130 бала, оның ішінде 100 бала — «Айналайын» сауықтыру лагерінде, 20 бала — «Жеңіс» спорттық лагерінде, 10 бала — «Happy summer» тілдік лагерінде демалып жатыр. Жазғы демалыс лагерьлерінде бюджет есебінен — 20 бала, ата-ана қаражаты есебінен (ақылы) — 100 бала қамтамасыз етілген.
Екінші, үшінші мерзімдерде 120 баланы демалыс лагерьлеріне тарту жоспарда тұр.
Мектебіміздің жанында түрлі бағытты қамтитын лагерьлермен қатар жазғы «Даму» ойын алаңы да балалардың жазғы демалысына қызмет етеді. Балаларға арналған ойын алаңының ерекшелігі келушілерге тегін қызмет көрсетеді.
Лагерь жанында жұмыс жасап жатқан «Happy summer» тілдік мектебі жас жеткіншектердің танымдық қабілеттерін шыңдап, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, жазғы бақытты балғын шақтарын жарқын әрі мағыналы өткізуіне қолайлы жағдай жасайды. Лагерь ұйымдастырушылары балалардың білім алуы мен демалысына жоғарғы деңгейде талапқа сай жұмыстар жүргізіп келеді. «Happy summer» тілдік лагері жас өспірімдердің ойнап жүріп, ойлануына, шет тілін үйренуіне мүмкіндік береді.
«Даму» ойын алаңы – балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени- көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру мақсатында түрлі табиғат аясында, саябақта серуендеу, алаңқайларда командалық ойындар ойнау, түрлі ойын-сауық орталықтары мен сауықтыру орындарына бару т.б шараларды ұйымдастырады.
«Даму» ойын алаңы – жас өспірімнің түрлі танымдық, дене шынықтыру ойындары арқылы қалыптасуына зор мүмкіндік береді. Ойын алаңында бірінші мерзімде – 100 бала қабылданды. Екінші, үшінші мерзімдерде де – 100 баламен қамтамасыз ету жоспарлануда.
2018 жылдың 7 маусымында мектеп жанындағы лингвистикалық-сауықтыру бағытын қамтитын «Айналайын», спорттық бағыттағы «Жеңіс» лагерлерінің салтанатты ашылуы мерекелік кең көлемді концерттік бағдарлама негізінде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып өтті. Осыған орай облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен келген «Ақтөбе» телеарнасының түсірілімі «Біз лагерге барамыз!» тақырыбында мектеп жанындағы әр түрлі бағытты қамтитын балаларға арналған жазғы лагерлер жөніндегі ақпараттарды мемлекеттік және ресми тілдердегі кешкі жаңалықтарда көрсетті.
Балалардың демалысын жарқын да, бояуы қанық, қызықты оқиғалармен мазмұнды өтуі үшін аталмыш мектеп жанындағы жұмыс жасап жатқан жазғы лагерлерде барлық жағдайлар жан-жақты қамтылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат көздерінен келген журналистер қауымына мекеп әкімшілігі мен лагерь тәрбиешілері сұхбат беріп, лагердің салтанатты ашылуы жөнінде түсірілім жүргізілді. Мерекелік шарада күміс көмей әнші балапандарымыз әртүрлі тілдегі әндерді нақышына келтіріле әуелете шырқап, бишілеріміз әсем билерді мың бұрала билеп, ұстаздардың қатысуымен көңілді танымдық, спорттық ойындар ойнатылып, демалушы жас жеткіншектеріміз қуанышқа бөленді. Лагерде тәрбиеші болып қызмет етіп жүрген өнерлі әрі қоғамдық жұмыстарға әрқашан белсенді ұстаздарымыз «Жаз ханшайымы» болып, балаларға қызықты сәттерді хабарлап, актерлік шеберлікпен мультфильм кейіпкерлері бейнесін сомдауда таңғажайып әлемдегі қызықтармен бөлісіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара соңында мерекелік тарту ретінде балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Мерекеге ұласқан аталмыш шараға келген қонақтар мен ата-аналар ризашылықпен тарасты.
«Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің…» деп, мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жазғы демалыс лагерінде қызмет етіп жүрген ұстаздар қауымы әрбір демалушы жас жеткіншекке ерекше қуанышқа толы сәттерді сыйлау үшін аянбай еңбек етіп, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи орындарға және мәдени ошақтарға саяхаттап, салауатты өмір салтын құруда сауықтыру орталықтарына баруды белсенді түрде бағдарламаға сәйкес дайындап, жүргізуде.
Мектеп жанындағы лингвистикалық-сауықтыру бағытын көздейтін «Айналайын», спорттық бағытты насихаттайтын «Жеңіс» лагерлері мен «Happy summer» тілдік мектебі демалушы жас жеткіншектерге арнап қайталанбас қызықты шараларды күннен-күнге ерекше қырынан танытып, ұйымдастыруда.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – Садырова А.К.