Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігi еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білім негізi бар ғылымның бастауы – мектеп. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерінің өрістеудегi негізгі тұлғасы – мұғалім. (МАН-8бет)
Мен педагогикалық тәжірибемді жинақтау мақсатында І деңгей бағдарламасы мен жаңа теориялық тың бiлім алып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарастарға ие болдым. Оқыту, білiм беpудегi ұмтылыcымa, өзімде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуымa мүмкіндік беретіндігіне көз жеткіздім. Деңгейлiк бағдарламаның мәні, мaқcaты, нәтижеcі – мұғалімге, бaлaғa бaғыттaлады.
Тәуелсiз елімiздің болашағы, оның әлемдiк өркениеттегi өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенiң бастауы болатын – ұстаз, сондықтан да бiздің басты мақсатымыз – білiм сапасына мән берiп, білім сапасын жақсарту. Қазіргi әлемде болып жатқан қарқынды өзгерiстер бiлім беру жүйесiн қайта қарау қажеттігiн аңғартты. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде бiлiм саласындағы саясаткерлер үшiн де, жалпы мектептер үшiн де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны «ХХІ ғасырда ненi оқыту керек?», «Мұғалiмдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» (МАН-4бет).
Бүгiнгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігi мен білімділігiн шыңдап отыратын мектептегi жеткiншектерге бiлім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенiң күнделіктi жұмысында қолдана бiлетін ұстаздардың ғана жұмысы жемістi болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс -əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық негізде талап қоюға тиіс. Уақыт алға жылжыған сайын мұғалімнің оқыту шеберлігі, жаңа әдiс–тәсілдері өзгеруде, оқушылардың логикалық ойлау қабілетi, талдау, синтездеу, ой еңбегiмен шұғылдануын қамтамасыз етуге, iзденуге, өз бетiмен қорытынды жасауға үйрету болып табылады.
Әр адам мүмкiндігiнше өз білiмiн, өзі көтеруге, өзi толықтыруға қол жеткiзіліп, жағдай жасалуда. Балалардың сапалы білiм алуына, өзгермелi ортаға тез бейiмделе отырып, өзiндік көзқарасын қалыптастыруға және өмiрде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкiндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу менiң басты міндетiм.
Жетi модуль аясында оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсiлдер, сын тұрғысынан ойлауға оқыту, оқыту үшiн бағалау және оқу үшін бағалау, оқыту мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту туралы өте жақсы қамтылып, жүйеленген. Сонымен бiрге сабақ үдерiсiнде шағын топтар, топтық, жұптық, диалогтiк жұмыс, сыныптағы оқушыға еркiндік берiлуі, сыни ойлауға өзiн-өзі бағалауы дағдыларын қалыптастыру қажеттiліктері болып табылады. Мектептiң даму жоспарында өзгерiстер енгізiліп, коучинг, тәлiмгерлiк жүргiзу, жетi модуль қарастырылады.
Бiлім беру жүйесiне енген өзгерiске мойын бұрып, оң көзқарасты дамытып, алдымызда отырған баланың тереңнен ойлауына, өздерi ой қортынды таңдау құқығына мүмкiндiк беру керек. Алдымызда отырған оқушыны еркін білiм алуына қолайлы жағдай жасауымыз керек. «Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркiн жүрген торғай артық» дегендей неге шетел балаларындай білiм бермеске? Демек, білiм беру саласын басқаруда көшбасшылықты дамытуға, өзгерiстерге тез бейiмделуi, оқушылардың сыни ойлауын, өзін-өзi бағалауы, презентациялар, идеялар жасаумен, жазбаша, ауызша, рефлексия, орта және қысқа мерзiмдiк жоспарлар, Lesson Stady үдерiсiн жолға қою.
Әр бала – болашақ данышпан десек, егемендi елімiздің иелерi қай уақытта көзi ашық, көкірегi ояу, кез-келген өзгерiстерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын, көзқарасын бiлдірiп, шешiмін таба бiлу шарт. Ізденiссіз еңбегің жемiстi болмайды.
І (ілгері) деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі – Кужахметова А.С.