Сонымен қатар желілік қауымдастқтағы негізгі жұмыстың бірі- тренерлік , яғни мектептегі рефлексиялық кезең болды.ЖҚ бойынша 23 тренер жұмыс жасады. Әр тренер 100 академиялық сағатпенбекітілген жұмыс жүргізді. Әр тренер тобында 10-нан15 адамға дейін болды. Барлығы-236 тыңдаушы болды. Оқу жылында 236 тыңдаушының 224-і сертификатталғалы отыр. Сонымен қатар Іс-әрекетті зерттеу, яғни ЛЕССоН СТАДИ 12 зерттеу тобы құрылды. Әр мектеп зерттеу топ жетекшісі бекітіліп, тақырыптары анықталды. Зерттеу жұмысы бойынша жіберілген кемшіліктерді айналым бойынша кері байланыс жүргізу арқылы реттеп отырды. Зерттеу жұмысы нәтижесінде оқушылардың, кластың сапа көрсеткіштері көтерілді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.
№60 жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі
НурмановаЖадыра Файзоллакызы