Әлеуметтік педагогтың мақсаты:
Оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық, әкімшілік, отбасылық қылмыстық заңдарды негізге алып, заңға бағынатын азамат тәрбиелеу. Мектептен тыс ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру. ҚР «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» заңдары басшылыққа алынып, бала құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесі мектебімізде келесі бағыттар бойынша құрылды:
Тиісті мекемелермен (жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, денсаулық орындары, қамқорлық және қорғаншылық органдары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы) тығыз байланысты болу, бірігіп жұмыс жүргізу.
Осы бағыттар бойынша келесі міндеттерді шеше бастадық:
Міндеттері:
2017-2018 оқу жылындағы 1-11 класс аралығындағы оқушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының саны
Класс комплект саны:93
Оқушылар саны:2252
№ | 1-4 класс оқушылары | 5-9 класс оқушылары | 10-11 класс оқушылары
|
1 | 1 класс-419 | 5 класс-211 | 10 класс-50
|
2 | 2 класс-412 | 6 класс-169 | 11 класс-52
|
3 | 3 класс-335 | 7 класс-142 |
|
4 | 4 класс-251 | 8 класс-120 |
|
5 | 9 класс-91 |
|
|
Барлығы |
2252
|
Жынысы бойынша: Ер бала -1133 , Қыз бала-1119
Аз қамтылған отбасы: 264
Көп балалы отбасы: 305
Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушы:11
Мүгедек оқушы:17
Мүгедек ата-ана:10
№ | Жанұя құрамы | Саны |
Төрт балалы жанұя | 236 | |
Бес балалы жанұя | 46 | |
Алты балалы жанұя | 23 | |
Толық емес жанұя(Әкесі жоқ) | 385 | |
Анасы жоқ | 18 | |
Әлеуметтік жағдайы төмен | 52 | |
Сәтсіз жанұя | 0 | |
Қамқорлықтағы бала | 11 | |
Әке шешесінен бөлек ата-әжесімен тұратын бала | 5 | |
Жанұяда жалғыз бала | 286 | |
Аға апасы сіңілісі барлар | 1966 |
Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толықтырылды.
2017-2018 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары жасалып бекітілді.
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 2017 жылғы 25шілдедегі №731 бұйрығына сәйкес, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін, көп балалы, аз қамтылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін көмек көрсету мақсатында 01.08-25.09.2017 аралығында «Жақсылық жаса» тақырыбымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Аталған акция барысында мектепішілік іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай мектептегі әлеуметтік аз қамтылған оқушылар тізімі жасалып, көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. Ақтөбе қаласының Нұрдәулет мешіті 50000 теңге ақшалай көмек берді, Жанкин Құдайбергенов, Кушекбаев отбасыларына 16666теңге көлемінде бөлініп берілді.
Сонымен қатар Достан мешітінен 7-оқушыға оқу-құралдары берілді. Сбербанк 4- оқушыға оқу-құралдарын табыстады. Ата-аналар және мектеп мұғалімдері 38 оқушыға оқу-құралдарын алып берді. Мектебіміздегі аз қамтылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан 126 оқушыға 4612теңге тұратын күзгі күртешелер берілді.
Мектеп асханасынан берілетін тегін ыстық тамаққа 1-10 сыныптар арасынан жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар қамтылды. Тегін ыстық тамақтың кестесі 6 күндік сабақ кестесімен сәйкес жасалып, ас мәзірі бір жылға бекітілді. Үш ауысымда барлығы 269 оқушы тізімделіп, 1-ауысымда (1-3-5-9-10 сыныптар) 117 оқушы сағат 9.25-9.35 аралығында ішеді, 2-ауысымда (2-3-4-6-7-8 сыныптар) 113 оқушы сағат 15.35-15.40, 3-ауысымда (3-4 сыныптар) 39оқушы сағат 17.05-17.15 аралығында тамақтанады. Оқушылардың тегін, дұрыс, сапалы, тамақтануы мақсатында арнайы мектеп әкімшілігінен, сынып жетекшілерден, ата-аналардан комиссия құрылып, бұйрықпен бекітілді. Тамақтануға келген оқушылар күнделікті журналға белгіленіп отырады. Арнайы бекітілген екі апталық ас мәзірі әр дүйсенбі сайын ілініп отырады. Үнемі асханадағы азық түлік сапасын сақтау, мерзімін қадағалау, оқушылардың сапалы тамақтануын қадағалау, ас мәзірінің дұрыс жасалуын тексеру, тамақтың пайдалы өнімдерден жасалуын қадағалау үшін құрылған комиссия мүшелерінің жұмысына акт жасалып, анықтама жазылды. Тегін тамақ ішетін оқушылардың құжаттары жинақталып папка жасалды. Жоспарға сәйкес әр сыныптың әлеуметтік картасы жасалып, соған сәйкес мектептің әлеуметтік паспорты жасалып бекітілді. Мектебіміздегі жетім, қамқорлыққа алынған 11оқушы бар Олар: 2м сынып оқушысы Әльжанова Ақнұр, 3в сынып оқушысы Изтлеуов Жандаулет, 4е сынып оқушысы Альжанов Рамазан, 6г сынып оқушысы Жантлеуов Александр, 7б сынып оқушысы Телегенов Бекзат, 7в сынып оқушысы Юлеуова Малика, 8в сынып оқушысы Крачковская Вероника, 8г сынып оқушысы Мұхтаров Айбат, 11а сынып оқушысы Тасбулатова Мадина, Мамыр Самрат, 11ә сынып оқушысы Тулегенова Акбикеш құжаттары жиналып Ақтөбе қаласы білім бөліміне өткізілді. Аталған оқушылардың отбасы тұрмыс жағдайына, баланың сабаққа дайындығы, материалдық жағдайы, ортасы туралы ата-анасымен әңгіме жүргізіліп, акт толтырылды.
Мектебіміздегі үйден оқытылатын 8 оқушы бар олар: 3ж класс оқушысы Меңдіғали Арсен, 7в класс оқушысы Муратов Тамирлан, 10а класс оқушысы Жубатханова Балауса, 7б класс оқушысы Битлеуов Самрат, 9б класс оқушысы Қалқабай Айшагүл, 1д класс оқушысы Орынбасарқызы Жанерке, 7а класс оқушысы Елеусізова Жібек, 1қ класс оқушысы Данабай Мерей және инклюзив 9 оқушы бар олар: Бағлан Ильхан Асланұлы 2к класс, Арслан Имангали Ғафурұлы 3д класс оқушысы, Корган Нұралі Нұрболұлы 6в класс оқушысы, Ізбағамбетова Ақсұңқар3е класс оқушысы, Ступенко Карина 5е класс оқушысы, Ербол Рақым Ерланұлы 6 ғ класс оқушысы, Ғаниев Ғалым7ғ класс оқушысы, Амангельдиев Амирбек Мержанович 1қ класс оқушысы, Нугманов Жарасқан 4ғ класс оқушысы. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар: Оразбай Бибарыс 1г, еркінғали Ақерке 1г, Ыргызбек Ислам 1г, Хамитов Алдияр 1з, Нағашыбаев Нұрбақыт 3ж, Жалғасұлы Рамазан 4г, Кабидулина Назым 5д,Абдулова Дильбара 6г, Абиева Ақниет 7ғ
Аталған оқушылардың отбасы тұрмыс жағдайына, баланың сабаққа дайындығы, материалдық жағдайы, ортасы туралы ата-анасымен әңгіме жүргізіліп, акт толтырылды.
Қараша айының 27-сі күні мектебімізде «Жүрегім толы мейірім » атты
онкүндік апталығы болды. Жауапты мұғалімдердің қатарында менде болдым. Онкүндіктің басты мақсаты: балаларда рухани құндылықтарды, гармониялық тұлғаны тәрбиелеуді дамыту және қалыптастыруға ат салысу. Бұл онкүндік балаларды жақсылық жасауға, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға үйрету.
Онкүндік өте жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Көптеген тәжірибе жинадым деп айтуға болады. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырып мектептегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың есеп шотына ақшалай қаржы аударылды.
Қайырымдылық акциядан 114200теңге жиналып мектебіміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған
Ақтөбе обылыстық ғылыми- тәжірибелік орталығынан «Отбасы тәрбиесінің стилі және бала тұлғасының дамуына ықпалы» тақырыбында ұйымдастырылған обылыстық семинар- практикум аясында республикалық шебер- класқа қатысып, өз білімімді жетілдіріп сертификатқа ие болдым.
Желтоқсан айының 22-сі күні 6 «Ғ» класс оқушысы Инклюзив Ербол Рахым Призидент шыршасына қатыстырылды. Аяз атаға хат жазып Вилосипед алды, желтоқсан айының 22-сі күні аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 оқушы әкімшілік шыршаға қатыстырылып, тәтті сыйлықтар табысталды. 23-і күні аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 3 оқушы обылыс шыршасына қатысып, қысқы күртеше және тәтті сыйлықтар алды.
Ақтөбе обылысының кәмілетке толмағандарды бейімдеу КММ-нің шақыртуы бойынша желтоқсан айының 26-сы күні 1 «З»класс оқушысы Жусупова Айымгуль «BLACK» кафесінде жаңа жылдық шыршаға қатыстырылды.
Мектебіміздегі 56 аз қамтылған отбасынан шыққан және 17 мүгедек оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Демеушілік көрсеткен 3ж,3ә,3б,1ә класс жетекшілері және ата-аналары №60 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері демеушілік көрсетті: Илиясова А, Айтенова А,Шамгунова Б, Саиымова Г, Жанибекова А, Ербозымова М, Есиркепова Ұ, Казахова Г, Сандыбаева Г, Абилова А, Бименова В, Шамилова С, Смагулова С, Қалмағанбетова Б, Алшағырова Т, Акылбекова Ж, Кужахметова А, Бокаева А, Баймаханова Ж
Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан Шалбай Айгерімге 2 «А» класс ата-аналары 10000 теңге көлемінде киім –кешек алып берілді. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын Орынбасарқызы Жанеркеге 1 «Д» класс ата-аналары 20000 теңге ақшалай көмек көрсетті және жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыстады.
Қаңтар айында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында Happylon ойын-сауық орталығына 50 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды ойнатып және Vnusbliny кафесінен дәмді тағамдар берілді. Балдарға дәмді тағамдар беріп демеушілік көрсеткен 1 «Ә», 3 «Ж»класс ата-анасы Таубековтер отбасы Қайырымдылық акциясына 9ә класс оқушылары белсене қатысып Көп балалы отбасынан шыққан Жанкин Рустам , Жанкина Айнара, Жанкина Айсараға 20000 мың теңге көлемінде 3оқушыға қысқы еттік алып берді. Нұр Ақтөбе ықшам ауданында орналасқан «Хамит» сауда дүкенінің иесі Жақсыбаева Нурсулу Тагыбергеновада қайырымдылық акциясына өз үлесін қосып Көп балалы отбасынан шыққан Жанкина Айсараға қысқы күртеше алып берді. Аз қамтылған отбасынан шыққан Нағашыбаев Нұрбақытқа Қалалық білім бөлімінен 16000 мың теңге бөлініп куртка-9000теңге, спортивка-4000теңге, красова- 3000 теңгеге киім алып берілді. Көп балалы отбасынан шыққан 9 а классында оқитын Аймағанбетова Жеңісгулге ТОО Васток –сервис компаниясы 20000-теңгеге Ақ блуска, белдемше, спорттық кастюм, красовка алып берілді. «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» акция аясында мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан шыққан 10 оқушыға «Айс» компаниясы өз көмектерін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Білім беруді жаңарту жағдайында әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты семинарына қатысып куәлікке ие болдым.
2018жылдың ақпан айының 6-сы күні ата-ана қамқорлығынсыз қалған Мамыр Самрат Сәбенұлы, Альжанов Рамазан Муратулы, Әльжанова Ақнұр Мұратқызы. Мамыр Айнұр Сәбенқызы өз қамқорлығына алған. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Абилтаевич және мешіт мүшелері келіп Альжанов Рамазанға демеушілік көрсететінін айтып, балдарға тәтті торт және 20000 мың теңге ақша беріп кетті. «Тұрғын үй құрлыс жинақ банкінде » ашылған есеп шотына 100000 теңге аударылды. 2018 жылдың Ақпан айының 8-і күні мектебімізде «Мен сенімен біргемін» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге белсене қатысқан 5 «А», «Ә», «В», «Г», «Ғ», «Д», «Ж», 7 «А», «Ә», «Б», «В», «Ғ», 8 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», 9 «А», «Ә», «В» класс оқушылары 91000мың қараж жинады, және мектебімізде қайырымдылық жәшігі қойылып 11600теңге қаражат жиналды. Қайырымдылық акциясынан түскен 102600 теңге
8оқушының тұрғын үй жинак банкіндегі есеп шотына аударылды. «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» акциясы аясында фудболдан қайырымдылық жарыс мектебіміздің 9класс оқушысы Қалқабай Айшагул Ардаққызын қолдау мақсатында ұйымдастырылып. Айшагулдің есеп шотына 71мың тенге ақша аударылды. Қаламызда жүріп жатқан қайырымдылық шараларының бірі «Игі істер» дүкеніні ашылды. Осы «Игі істер » дүкеніне №60 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы және ата-аналар белсене қатысты. 4 -наурыз күні Мектебімізде өткен «Мейірімділік әлемді құтқарады атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Нұр Ақтөбе ықшам ауданы тұрғындары және ата-аналар, оқушылар, ұстаздар арасында өткен шахмат жарысында жиналған қаражатқа 8- наурыз халқаралық әйелдер, қыздар күніне орай мектебіміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған қыз балдарға сыйлықтар тарту етілді.
Обылыс әкімі Б.Сапарбаевтың 2018жыл «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» акциясы аясында Наурыз мерекесіне орай «Керуен сити» Таксим кафесінде аз қамтылған отбасынан шыққан 100-оқушыға дәмді тағамдар және сыйлықтар берілді. 2018жыл «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» акция аясында Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып ата-ана қамқорлығынсыз қалған Изтлеуов Жандаулетке 20000 тенге, Әльжанова Ақнұға 50000теңге, сертификаты берілді. 2018жыл «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» акциясы аясында қаламыздағы My_bro_barbershop сұлулық салонының директоры Ербол Мирмановтың демеушілігімен 2 баланың тегін шаш алу қызметін көрсетіп, сыйлықтар табысталды.
Сәуір айының 4-і күні мектебіміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған және поттранаттық тәрбиедегі балдардың үйлеріне зерттеу жүргізіліп акт толтырылды. Тұрғын үй Құрлыс Жинак банкіндегі есеп шоттары, үй кезегі тексеріліп құжаттары қалалық білім бөліміне тапсырылды. Сәуірдің 14-і күні мектебімізде «Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі» қайырымдылық жобасын ұлықтау мақсатымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізіліп, қайырымдылық шарадан 100000 қаражат жиналып мектебіміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған
Сәуір айының 24- күні мектебіміздегі 1 «з» класс ата-анасы Байкенова Динара Куптливовнаға қызы Байкенова Медина Руслановнаның емделуіне 17339 қаражат жиналып берілді.
2016-2017 оқу жылындағы оқушылар саны
2017-2018 оқу жылындағы оқушылар саны
Қорытынды: 2017-2018 оқу жылында мектеп асханасынан берілетін тегін ыстық тамаққа 1-10 сыныптар арасынан жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 269 оқушы қамтылды. Мектебімізде өткізілген қайырымдылық акциясынан түскен 316800 теңге Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 оқушының есеп шотына аударылды. 2017- 2018 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жұмысы жоспар бойынша жүзеге асырылды