«Қызыл ай» қоғамы 1868 жылы құрылғаннан бері көмекке мұқтаж жандарға, соғыс құрбандарына, қиын жағдайға тап болған адамдарға, науқастарға, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруін әлі де жалғастырып келеді.
Ақтөбе облыстық «Қызыл ай» комитеті қарашаның 21-ші жұлдызында мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған бес отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көрсетті. Ол отбасылар да өз тараптарынан рахметтерін айтып, ризашылықпен тарасты. «Қызыл ай» қоғамының осындай өлшеусіз еңбектерінің, жақсылықтарының арқасында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік маңызды мәселелерін шешетін бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әрдайым игі істердің жаршысы болып жүретін «Қызыл ай» қоғамының еріктілер тобына толағай табыстар тілей отырып, алғысымызды білдіреміз.
Замединова А.Қ.
2018 жыл, 21 қараша