Ақтөбе облысының Қобда ауданында 1989 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2013 жылы «Педагогика және психология» білім бакалавры мамандықтары бойынша бітірді.
Педагогикалық еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы «№45 орта мектеп» КММ-де психолог қызметінде бастап, әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған (2012-2017 ж.ж.); «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының бас маманы (2017-2018 ж.ж); «Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі» ММ мұрағат меңгерушісі (2018-2019 ж.ж); «№ 72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі» КММ директорының профильді оқыту ісі жөніндегі орынбасары (2019-2021 ж.ж); 2021 жылдың 21 желтоқсанынан бастап директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.