1974 жылы 31 тамызда дүниеге келген. 1995 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Педагогикалық Институтын аяқтады. Мамандығы орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, санаты педагог — зерттеуші. Еңбек жолын Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептен бастаған. 1997 — 2009 жылдары аралығында Пригород орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2009 — 2019 жылдары аралығында Ақтөбе Жоғарғы Ауылшаруашылық колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, колледж әдіскері қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап №60 жалпы білім береті орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2021 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеудегі еңбегі үшін Ақтөбе облысы Білім Басқармасының Құрмет Грамотасы, Кіші Ғылым Академиясының Құрмет Грамотасы, КИО республикалық олимпиадасының Дипломы, Ақтөбе облыстық ғылыми — тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен марататталды.