"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жаңа жыл –жақсылықтар жаршысы!

Қала әкімі І.Испановтың жаңа жылдық шыршасы Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шығармашылық академиясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында болып өтті.

Мектебімізден бес оқушымыз — Ізтілеуов Жандос, Ізтілеуов Жандәулет, Айжанов Рамазан, Айжанова Ақнұр, Құрманаев Жандәулет салтанатты шараға қатысып қайтты. Мерекелік шара қала әкімі І.Испановтың құттықтау сөзімен ашылып, әрі қарай театрландырылған қойылыммен жалғасты. Қойылым барысында жас жеткіншектер ертегілер әлеміне сапар шекті. Қала әкімі жас жеткіншектермен бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырып, мерекенің шырайын кіргізді, балалармен бірге шырша жанында түрлі ойындар ойнады. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама аясында әсем әндер шырқалып, оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады, тәтті сыйлықтар табысталды. Әр баланың жүзінен қуаныш пен шаттықтың лебі сезіліп, жаңа жылдық шырша кішкентай қонақтардың көңілінен шықты.