Бүгін мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған 5 — 10 кластар арасында мектепішілік жайдарман ойыны өтті. «Жайдарман» ойыны бүгiнде жастар арасында жедел дамып келеді. Сахна мәдениетi мен шеберлiгi, ән мен би, сөйлеу мәнерi, ой ұшқырлығы, мимика сияқты өнер атаулының түрлi жанрларын қамтитын әзіл-қалжың шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түскенін көрсетедi. Бұл жастардың дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмiрде өз орнын дұрыс таба бiлуге баулиды. Мектебімізде өткен аталмыш шараға 16 команда қатысып, сәлемдесу сайысы бойынша өз бақтарын сынады. Бәйгеден оза шапқан алты команда финалдық бəсекеге жолдама алды. Олар: «Фром Сити» командасы 6″З» класы, «Болашақ жастар» командасы 7″Б» класы, «Жаңа заман балдары» 7″Ə» класы, «Олигарх» 9″Ə» класы, «Алпыстың алтауы» 10″А» класы, «Элита» 10″Ə» класы.
Шараның өткізілу мақсаты — оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді түрде пайдалануды ұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер арасында шығармашылықтың бір саласы ретінде насихаттау және әр класс командалары арасында шығармашылық, достық қарым — қатынасты күшейту. Финалдық бəсекенің өткізілуі оқу жылының екінші жартыжылдығына жоспарлануда. Ұйымдастырушы мұғалімдер: Үсенов Н. Бүркіталы А.