"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Балаларға қуаныш сыйлайық!» акциясына мектебіміз риясыз ат салысты

Жаңа жыл – ғаламдағы бақыт пен шаттыққа, қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке, армандар орындалар ғажайып сәт. Бәріміз, үлкен-кіші, кәрі-жас келер жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт, толағай табыс, жылы шырай мен сыйлық күтеміз. Ақтөбе облысының білім басқармасы «Бақытты бала» жобасын қорытындылай отырып, келе жатқан Жаңа 2019 жыл қарсаңында облысымыздағы үйде тәрбиеленіп жатқан білім алуға ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға 2018 жылғы 31 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 10.00-де жаңа жыл мерекесін сыйлауға бағытталған «Балаларға қуаныш сыйлайық!» акциясын жариялаған болатын. Аталған акциядан «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында орналасқан №60 ЖББОМ-да риясыз ат салысты, мектебіміздің Аяз атасы мен Ақшақары білім алуға ерекше қажеттіліктері бар екі бүлдіршінімізді жаңа жылдарымен құттықтап, олардың жүздеріне күлкі, көңілдеріне шаттық сыйлады.