"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Би өнері — әлемнің рухани елшісі

Би өнері — əлемнің рухани елшісі. Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Би— қозғалыс, сыры мен сәні үйлескен қимылдың әсемдігі. Бұл өнердің шыңына жету үшін және сол биікте қалу үшін қажыр, күш, қуат, еңбекқорлық пен үлкен ізденімпаздық, талғампаз шығармашыл көзқарас қажет.  2018 жылдың 25 қарашасында #60ЖББОМ-ның мың бұралған бишілері Алматы қаласында ұйымдастырылған » Нұрлы жастар — Болашаққа жол бастар » атты Республикалық деңгейдегі ән-би байқауында сынға түсіп, қанжығаларын майлап қайтты. Атап айтсақ, «Хорезм» биі лауреат І дәрежелі, «Бақыт құсы» биі лауреат ІІ дәрежелі дипломдарымен, әр қатысушы жеке-жеке дипломдармен, медальмен және де жетекшісі Маруова Айсулу Канатовна мадақтамамен марапатталды. Болашақта жоғарыда аталған бишілерімізге тынымсыз ізденіс, түбегейлі нәтиже болсын деп тілейміз!