"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы жолдауында, еліміздің тірегі — жастар мәселесіне жете мән бере отырып, 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялаған болатын. Елбасы жолдауына сәйкес, мектебімізде жастардың белсенді атсалысуымен көптеген игі іс-шаралар өткізілуде. Бұған дәлел, бүгін, 2019 жылдың 25 қаңтарында #60 ЖББОМ-да жас мамандардың ұйымдастыруымен жастар мен мектеп оқушыларына ардагерлердің еңбек жолын үлгі тұту, аталы сөзден ғибрат алу мақсатында “Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты ардагерлермен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары ретінде елге еңбегі сіңген ардагер, прокуратура полковнигі Тажибаева М.С., ардагер-ұстаз Тілеукулова А.Т. және Ақтөбе қаласы “Алматы” ауданы аппаратының басшысы Орынбасар М.З. шақырылды. Кеш барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен қоса, жетістікке жетудің жолдары туралы ой бөлісті. Мектебіміздің жас мамандары мен жоғары сынып оқушылары үшін тағылымы мол кеш болды. Кештің соңы көрермендердің көкейдегі сұрақтарына жауап алуымен және мағыналы сұxбатпен нүктесі қойылды. Бүгінгі кездесу — ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі. Кеш қонақтарына алтын уақыттарын бөліп келгендеріне алғысымызды білдіреміз!