"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Шынықсаң, шымыр боларсың!

«Шынықсаң, шымыр боларсың»,- демекші, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай және Елбасының жолдауына көрсетілген «2019 жыл — жастар жылы» деп аталуына байланысты #60 жалпы білім беретін орта мектепте «Мен спортты таңдаймын!» атты жас мұғалімдердің арасында қысқы эстафеталық сайысы өтті. Қысқы демалысты тиімді ұйымдастыру, мұғалімдерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген эстафета сайысы жастарды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке шақырды. Жалынды жастардың жаңа жыл қарсаңындағы алғашқы бастамасы салауатты өмір салтына арналып, керемет көңіл-күйде өтті.