«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануымыз қажет. Болашақ ұрпақтың рухани несібесі бүгінгі қыздарымыздың қолында. Себебі ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін — қыз. Сондықтан да қыздың тәрбиесі басты назарда. Осы мақсатта мектебімізде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Арасан — Ақтөбе» ММ дәрігер-валеологі, салауатты өмір салты дәрігері А. У. Бекбауова мен орталық психологі Д.Қ.Уксикова келіп, 9-11 кластың оқушы қыздарына жыныстық тәрбие бағытындағы дәріс сабағын жүргізді. Шара барысында жасөспірімдік кезең, салауатты өмір салты және оның ішінде жыныстық тәрбие, жеке гигиена талаптары жайында мәселелер талқыланып, сауалдар жолданды.