"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жас келсе, іске!

Бүгінгі уақыт, қоғам басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған тәрбиеленушілерді рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар мұғалім ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.

Осы жерде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың білім беру әдістемелері арасында «Lapbook» қазіргі заманғы құрал . №60 ЖББОМ-ің мектепалды даярлық топтарының жас мамандары Л.Умбетова, М.Жұмашева, А.Данабаева, Г.Утешева өз жұмыстарында жаңа «Lapbook» әдістемелік құралын пайдалана бастады.

Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.

Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.

«Лэпбук» — мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, тәрбиеленушілер әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.