"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

класс жетекшілер әдістемелік бірлестік кеңесінің отырысы

2019 жылдың 28 наурыз күні тәрбие бағыттарын ұйымдастыру негізінде класс жетекшілер әдістемелік бірлестік кеңесінің отырысы өтті.
Әдістемелік отырыста класс жетекшілер «Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарында іс-шараларды жүргізу», «І, ІІ, ІІІ тоқсан бойынша 1-11 класс тәрбие жұмыстарының сапа көрсеткіші», «Мектептегі тәрбие жұмысының сапасы» тақырыптары бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Сонымен бірге, класс жетекшілер Ж.С.Акилбекова «Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы нәтижелік пен табыстылық», А.С.Сагиндикова «Екпе алмайтын оқушылардың ата-аналарымен жұмыс», С.Ж.Қожан «Мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі ата-анамен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» барысына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп тренерлері Ж.Ф.Нурманова, А.Т.Тлешова класс жетекшілерге «Оқушылардың тұлғалық сапасын және жеке қабілеттерін дамытудағы сыныптан тыс шаралардың маңыздылығы» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, тиімді қолдану жобаларын ұсынды.

                                               Тәрбие бөлімі