Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
Ғабит Мүсірепов
Мектеп кітапханасына кітап сыйла
Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауымда, жастар да қызу қуаттайды. Оқырмандардың өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында, № 60 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасы жылма — жыл дәстүрлі түрде «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастырып келеді. Акцияға №60 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері, оқушылар, ата-аналар және Нұр Ақтөбе ықшам ауданының тұрғындары қатыстырылды.
Аталған акция әр жылда әртүрлі өткізілді, бірінші жылы әр класс 100 дана кітаптан тапсырса, одан соң қазақ тіліндегі әдебиеттерге аса назар аударылды, одан кейін қазақ классиктері мен көркем шығармалар, балаларға арналған кітаптар, ертегі мен жұмбақтар мектеп кітапхана қорына келіп түсті.
Жаңадан бой көтерген №60 жалпы білім беретін мектеп оқушылар саны жылма – жыл артуына байланысты, мектеп кітапхана қоры үнемі өсіп отыруы керек, себебі әр оқырманға кем дегенде 4 дана кітаптан келетінін ескерсек, ол кезде бала санымызбен кітапхана қоры сәйкес келмейтіні анық көрінеді. Осы аталған жағдайларды ескеретін болсақ, аталған шара үнемі үзбей жүргізіліп отыруы керек. Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қоры 7138 дана кітаптар санына жетті. Біздердің оқырманымыздың артуына орай, біз әлі де сыйға беретін ерікті оқырмандарды күтеміз. Сыйға тарту игі іске жатады, кітапты сыйлаған адамдар олардың кітаптары өз оқырманын табады дегенге сеніммен қарайды. Себебі кітаптар мәңгі өмір сүреді.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсенділік танытқан ата — аналармен оқушыларды үнемі «Алғыс хаттармен» марапаттап, ізгі рақметімізді айтамыз.
Тәрбие бөлімі