"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Табиғатты аялай біл, жас дос!

Күллі тіршілікті күн шуағына бөлеген көктем мезгілінде, 14 сәуір күні сенбілік ұйымдастырылып, #60 ЖББОМ әкімшілігі және білім ордасындағы жас мамандардың қатысуымен қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары белсенділікпен атқарылды. Сенбілік өткізу дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Тұңғыш Президентіміз өзінің бағдарламалық мақаласында бізді «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» болуға шақырады. Бұл нені білдіреді? Еңбек — қоғамның негізгі санаты, басым идеясы болуы керек. Сөзден іске көшкен жөн. Бұл орайда, әр қатысушының еңбегі арқылы сенбіліктер сүйікті қаламыздың, мемлекетіміздің гүлденуіне зор үлес қосады. Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің көпжылдық дәстүрі кеңестік уақыттан бастау алады. Оның маңыздылығы бүгінде, климат өзгеруі мен экология мәселелері кең етек жайып жатқан кезде, тереңдей түсті. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары. Қоршаған ортаға, оның ахуалына қамқор адамдардың саны өсіп келеді.
Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Табиғатты аялайық, жас дос!

ТӘРБИЕ БӨЛІМІ