Заманауи ұстаз — жасампаз тұлға. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкіртті жетілдіріп, жаңа өмірге бағыт-бағдар беру. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында озық іс-тәжірибені насихаттау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын, тәжірибелі педагогтар қорын толықтыру, шығармашыл мұғалімдердің кәсіби және озық тәжірибесін тарату мақсатында «Қалалық үздік класс жетекші» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі міндеттері төмендегідей:
1. Ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;
2. Тәрбиенің қазіргі тәрбиелік технологияларын, жүйесін және жаңа түрлері мен әдістерін анықтау;
3. Тәрбие саласындағы кәсіби шығармашылық мүдделерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға, әр қырынан өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту.
4. Тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.
Бүгінде бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білген, мектебіміздің намысын қорғап барған — Мұқамбетазиев Аркен «Заманауи класс жетекші» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көрінер күндер көп болсын!